Махметғали Нұрғалиұлының хабарлауынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туалы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 101- бабы, 4 - тармағына және 2016 жылғы 30 қазанға тағайындалған Жамбыл облысы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.
Сонымен қатар, шығып қалған депуттарының орнына сайлау өткізу Меркі аудандық № 8 сайлау округінде тағайындалған болатын.
- Өздеріңізге белгілі, Меркі аудандық мәслихаттың № 8 сайлау округі бойынша сайланған депутат Қасым Марат Жарылқасынұлы мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты депутаттық құрамнан шығарылған болатын, - деді спикер. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйектегі жағдайына 3 кандидат ұсынылған. Оның екеуі өзін-өзі ұсыну жолымен және біреуі саяси партиямен ұсынылған.
Сондай-ақ, Меркі аудандық №8 сайлау округінің құрамына 2 (№279, №280) сайлау учаскесі кіреді, және олардағы сайлаушылар саны 3160 адамды құрайды. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары атқарылуда.
Сайлауға дайындық жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес атқарылуда.
Сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ, - деп мәлімдеді Махметғали Нұрғалиұлы.