Семинар барысында Қ.Жұмабайұлы қатысушыларға кәсіби мемлекет құру, мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді жұмыс атқару, медиа-жоспар құру және оны іске асыру туралы түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар белгіленген тақырып бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауптарын алды.
Іс-шара қорытындысында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қатысушыларға «Тиімді баспасөз қызметі» семинарын сәтті өткенін үшін арнайы сертификаттарды табыстады.