Алқалы кездесуде қала әкімі өңір басшысына қалаға қарасты мемлекеттік құрылымдардың басшыларын таныстырып, Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі бес жылдық даму тұжырымдамасы жобасындағы бірқатар мәселелер мен жаңа бастамалар туралы баяндады.
Өз кезегінде, аймақ басшысы облыстың өсіп, өркендеуі әрқашан қаламен тығыз байланыста екенін айтып, Шымкенттің əлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, облыс əкімі Шымкент шаһары туристік аймақ болып табылатындықтан, қаланың сырт келбетіне айрықша көңіл
Жиынды қорытындылаған облыс əкімі қалада білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Шымкентті болашақ үшінші мегаполиске айналдыру бойынша жүктеген міндеттерін əрмен қарай бірлесе жүзеге асыруға шақырды.
Осы күні қала активімен танысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді. Ең алдымен, облыс әкімі Тəуке хан даңғылының күрделі жөндеу жұмыстары мен Қапал батыр көшесіндегі көпірдің құрылысымен танысты.
Сонымен қатар, облыс әкімі қаладағы салынып жатқан əлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап көріп, "Shymkent-City" жобасымен танысты. Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша көңіл бөлген аймақ басшысы нысандардың сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды.
Шымкент қаласын аралау барысында аймақ басшысы жаңадан ашылған Жайлаукөл демалыс аймағында болды. Мұнда ТМД елдерінде биіктігі жағынан үшінші орынды алатын, ал Орта Азия бойынша ең биік аттракцион орналасқан.