Е.Мершиевтің хабарлауынша, Тараз қаласы 8 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жойқын жер сілкіністің болу мүмкіндігінің куәсі ретінде, жыл сайын орын алатын 2-3 баллдық, 2-ден 5 ретке дейінгі болатын кішігірім жерсілкіністерінің болуы. Бұдан басқа облыс аумағында тіркелген 7-8 баллдық жерсілкінісін (Жамбыл - 1971 жыл, Т.Рысқұлов - 2003 жыл) естеріңізге салғым келеді.
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйектегі облыстық төтенше жағдайларды алдын-алу және жою комиссиясының отырысында «Облыстағы сейсмоқауіпсіздікті нығайту» сұрағы қаралды. Осы отырыста жойқын жерсілкіністен болатын шығынды азайтуға арналған практикалық іс-шараларға, оның ішінде сейсмоқауіпті объектілерді тексеру, күшейту жобаларын өңдеу, апаттық жағдайдағы ғимараттардың орнына сейсмикалық тұрақты объектілердің құрылысын салуға аса көңіл бөлінді, - дейді спикер.
Сонымен қатар, қатысушыларға жерсілкінісінің дайындығына аса көңіл бөлу керектігін қажет деп есептеймін – ол барлық басқару органдарының дайындығына және де дұрыс іс-қимылға халықты оқыту. Бұл бағытта облыс, қала және аудан әкімдіктерімен бірге «Республикалық оқу - методикалық орталығы» ЖШС төтенше жағдайлар департаментінде әр сала бойынша оқыту жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілуде. Қазіргі таңда шаруашылық нысандарда әр түрлі оқу-жаттығулар, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сипаттағы мақалалар жарияланып өткізілуде.
Спикердің мәлімдеуінше, жойқын жер сілкінісі болған жағдайда жарақат алғандар мен қаза тапқандар көбейеді, байланыс және тіршілік көздері бұзылады, кезек күттірмейтін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге іріткі салушылар көбейеді, мұндай жағдайлар орын алмас үшін алдын-ала жоспарлаудың арқасында шығынның азайуына қол жеткізуге болады.
2016 жылдың 4 сәуірінде облыс әкімімен бекітілген 2016 жылға арналған Жамбыл облысы азаматтық қорғау күштері мен басқару органдарының дайындығы іс-қимылдарының жоспарына сәйкес, 13-14 қазан күні жалпы облыстық сейсмо жаттығу және Тараз қаласында «Жамбыл облысы аумағында жойқын жерсілкінісі туындағанда авариялық-құтқару қызметтері күштерінің, басқару органдарының іс-қимылы» тақырыбында командалық оқу-жаттығу өткізіледі.