Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.
Мұндағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 100,8 млн.теңгені құрайды. Елордада «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары ауыл шарушылығы бағыты бойынша бірқатар жүйелі жұмыстарды атқарып, толағай табыстарға қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда биыл облыс шаруаларымен 470 мың тн. (2015ж. 246 мың тн.) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құрады. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі жылдан - жылға ұлғаю үстінде. Нақтырақ айтсақ, 2008-2016 жылдар аралығында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың га. болса, биыл бұл 30 мың га жеткізілді.