Алматыдағы Ғылым ордасында өткен конференцияда сөз алған жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов ескерткішті өз қаржысына салдырып отырған Құсман Шалабаевқа алғыс айтты. «Үржарда өз қаржыңызға батыр бабамызға ескерткіш орнатқалы отырсыз, алғыс айтамыз», - деді Қабдеш Жұмаділов.
Ескерткіш 2016 жылдың 27 қазанында Үржар елді мекенінде ашылады. Ескерткіш авторы: Құсман Шалабаев, мүсінші: Болат Құсайынов. Ескерткіш биіктігі 9,5 метр.