Сапа мен инновациядағы жетістіктерге қол жеткізген компаниялар мен ұйымдарға табысталатын ISAQ жүлдесін алу сынында кілем фабрикасы көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қабілеті, сапа мен өнімділік, компанияның беделі мен нарықта тауар сатуға қолайлы орта қалыптастыруы, технология, инновация және өсім сатылары бойынша жеңіске жетіп, үздік деп танылған. Ал құрметті халықаралық жүлдені отандық компанияның жетекшілігіне табыстаған соңғы 30 жылдан бері әлемнің 179 елінде әр саланың көшбасшыларын анықтап, марапаттап келе жатқан «Business Initiative Directions» компаниясы болып табылады.
«Бал Текстиль» кілем фабрикасы, әзірге, Қазақстанда теңдесі жоқ серіктестік болып табылад
Қажетті шикізат Түркия, Бангладеш, Үндістан және басқа да елдерден тікелей жеткізіледі. Кілемдер Бельгиялықжоғары технологиялық «Michel Van De Wiele» қондырғыларда тоқылады. Ал синтетикалық полипропилен жіптері Германия мен Франция елдерінен жеткізілген. «Oerlikon Neumag», «Allma Volkmann», «SUPERBA» фирмаларының заманауи құрылғыларында иіріледі.
«Бал Текстильдің» кілем және кілем өнімдерін шығару қуаттылығы – жылына 5 млн. шаршы метрден астам. Ал, полипропилен жібін иіру
«Бал Текстиль» өнімдерін Қазақстанның барлық қалаларында кездестіруге болады. Еліміздегі ресми таратушылардың қатары 400 ден асқаны – осының дәлелі. Сонымен қатар, тұрақты түрде тапсырыс беріп, өнімдерді алатын 20-дан астам шетелдік серіктестері бар.
2016 жылы «Бал Текстиль» шведтік ИКЕА мен ЕЭС-тің өзге де компанияларымен келісімге келудің нәтижесінде, экспорт көлемін 20-30 пайызға ұлғайтты. Енді «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар кілемдерді Англия, Германия және Ресейдің ірі сауда маркеттерінен кездестіруге болады.