Бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама аясында қаржыұйымы 1003 жобаны 2,1 млрд.теңгеге қаржыландырды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд. теңгеге 888 жоба; егін шаруашылығы бойынша 106,5 млн.теңгеге 44 жоба; ал әр түрлі қызмет түрлері бойынша 150 млн. теңгеге 71 жоба жүзеге асырылған.
«Биыл аталған бағдарлама бойынша облысымызға 7 млрд.теңгеден астам қаражат бөлініп, оның 3,8 млрд.теңгесі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы таратылды. Ол жерде кәсіпкерлерге ең жоғарғы сома 3 млн.теңгеге дейін берілді»,- деді Х.Назарметова.
Айта кетейік, қаражатты алуға ниет білдірген азаматтар ең алдымен «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының талаптарына сай келу керек. Берілетін несиенің максималды сомасы 6,0 млн.теңге, жылдық сыйақысы 7%, 54 айға дейін беріледі. Ал несие алушыларға қойылатын талаптары ретінде, бизнесті (жобаны) іске асыратын орнының болуы, несие тарихының таза және соңғы 12 ай ішінде төлемі кешіктірілген несиесі болмауы шарт.