Мұнан соң, жұмысшы топ серіктестіктің көлемі 12 гектар болатын көкөніс жылыжайларын аралап, ондағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру технологиясын көрді. Негізінен, қызанақ пен қияр өсірумен айналысатын еншілес компания өнімдерін Шымкенттен бөлек, Қарағанды мен Астанаға саудалайды. Өнімдердің голландиялық және израильдік сұрыптары жайқалған жылыжайларды аралау барысында корпорация жетекшілігі тарапынан айтылған Оңтүстіктегі жылыжай кластерін дамыту ұсынысы да аймақ басшысымен қолдау тауып, таяу арада облыста
Сондай-ақ, облыс әкімі бастаған топ серіктестіктің газоблок шығаратын зауытында болып, көкөніс сақтау қоймасын аралады. Сондай-ақ, таяуда іске қосылатын полиэтилен өнімдерін шығару зауытын көріп, корпорацияның еншілес компаниясы құрылысын жүргізген көпқабатты үйдің сапасын бақылады.
Айта кетейік, нарықта соңғы 10 жылдан бері жұмысын жандандырып келе жатқан «Ақ Ордасы корпорациясының» түрлі салалар бойынша жұмыс істеп келе жатқан 13 еншілес компаниясы бар.