Жылжымалы көрмеге келушілер бұл күні тарихи кезеңдер суреттелген 120 картиналар мен графика және гобелендерді тамашалады. Өнер туындыларында, негізінен, хандық дәуірден бастау алып, қазақ елінің маңызды оқиғаларын баяндайтын, Қазақстандағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы, бейбіт өмір, өндірістік даму,
Сонымен қатар, шара аясында ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ақын Ханбибі Есенқарақызының «Жүздесейік...» шығармашылық кеші өтті. «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері Х.Есенқарақызы ел Егемендігінің ширек ғасырлық тойына орай ұйымдастырылған есеп беру кешінде сиясы кеппеген жаңа туындыларымен Астана жұртшылығын таныстырып, оқырмандармен сырласты.
Бұл күндері облыс делегациясы Астана халқына өңірдің тарихы, мәдениеті мен негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық тауар өндірушілердің өнімін ұсынады.
Осы күндері 300-ге жуық облыстың өнер майталмандары театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалар және фотокөрмесін, балаларға базарлық ретінде облыста түсірілген қысқа метражды фильмдер топтамасын ұсынады.