15.10.2016 в 16:48

Шымкентте құны 3 миллион теңгелік ер-тоқым сатылымға шығарылды

Шымкенттегі «Көрме» кешенінде қолданбалы өнер көрмесі өтуде, оған облыстың түрлі аудандарынан қырыққа жуық шебер келді. Мұнда халық аспаптары, ұлттық киім, қолөнер экспонаттары қойылған, деп хабарлады otyrar.kz.

Әсіресе, қолдан жасалған ер-тоқым жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Біреулер асыл тастармен безендірілген қымбат бұйымды ұстап көргісі келсе, біреулер сатып алғысы келеді. Бірақ, көпшілігін бұйымның бағасы таң қалдырды: өз туындысын шебер үш миллион теңгеге бағалаған.

Аманғали Момбеков ер-тоқымды үш ай бойы жасағанын айтты. Ол қымбат теріден жасалған, қолмен кестеленген және асыл тастармен безендірілген.

Қолдан жасалған екіжүзді қанжар да ерлер қауымының ықыласын арттырды. Қару болаттан жасалған, ал ағаш сабы асыл тастармен көмкерілген. Қанжар құны шамамен 1,5 миллион теңге болуы мүмкін. Көрмеде суретшілер шығармаларын да сатып алуға болады.