Тараз қаласындағы жылу өндіруші және жылу жеткізуші мекемелер қатарында «Таразэнергоорталық» АҚ, «Таразтрансэнерго» МКК, «Жамбыл-Жылу» МКК, «Теміржол-Жылу» МКК, «ЖГРЭС» АҚ, «София» ЖШС-лары бар.
Жалпы қалада 247,473 км жылу жүйелері бар, оның ішінде: магистралдық жүйелер - 72,450 км, ішкі кварталдық жүйелер - 175,023 км.
Орталықтандырылған жылу жүйесіне 1187 тұрғын үйлер қосылған, оның ішінде: «Таразэнергоорталық» АҚ - 859, «Жамбыл-Жылу» МКК - 165, «Теміржол-Жылу» МКК - 98, «ЖГРЭС» АҚ - 55, «София» ЖШС - 10.
Бүгінгі таңда жалпы 1190 көп пәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын және дайындық жөніндегі паспорттары әзірленіп 100 % дайын.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту-2020» бағдарламасы аясында қайтарым қаражат есебінен 232,6 млн теңгеге 22 үйдің инженерлік тарату жүйелері ағымды жөндеуден өтті.
Бүгінгі таңда жалпы 743 көп пәтерлі тұрғын үй ыстық су жүйесіне қосылды.
Ағымдағы жылы 2,616 км жылу жүйелері ауыстырылды. Инвестициялық бағдарлама бойынша кәсіпорын өз қаражаты есебінен 45 775,36 мың теңгеге ТК-135 және ТК-117 жылу жүйелерін күрделі жөндеуден өткізді.
«Тараз қаласы бойынша жылу және ыстық су қызметтеріне қалыптасқан дебиторлық қарыз берешегінің жалпы соммасы 98,498 млн теңгені құрайды, оның ішінде: тұрғындар қарызы - 91,300 млн теңгені құрайды» деп, - хабарлады Мақсат Кеңесханұлы.м