18 қазан – рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған басқосуда өңір басшысы діни конфессия өкілдерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін атап өтті.
«Елбасы өз сөзінде «Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға
Жиында сөз алған конфессия өкілдері Қазақ шаңырағындағы наным-сенім еркіндігінің айқындығына разылығын білдіріп, өздері басшылық ететін бірлестіктердің бүгінгі мамыражай жағдайын баяндады.
Кездесу соңында облыс әкімі конфессия басшыларына осы жылдың 15 қазан күні «Рухани келісім күнін» мерекелеу аясында облыстағы діни конфессия өкілдері арасында шағын футболдан өткізілген турнирдің қорытындысы бойынша облыс әкімінің кубогы, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді.