Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Уалиевтың айтуынша, дәнді дақылдарды кептіру үшін тағы 5 тонна дизельді жанармай бөлінген.
– Ағымдағы жылы астық жинау маусымында дизельді жанармай тапшылығы анықталмады. Аймақтың барлық аудандары мен шаруа қожалықтары арзандатылған дизельмен қамтылды, – деді Амангелді Уалиев.
Айта кетсек, биыл астық ору маусымы ШҚО үшін қолайлы болып, жинаған өнім рекордтық көрсеткішті құрады. Дәнді дақылдарды жинауға жалпы 6 мың трактор, 2 мың орақ, 4 мың жүк көлігі мен 3152 комбайн жұмылдырылған