Бүгін, өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен жобаның лентасы қиылды.
Сала жауаптыларының айтуынша мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл түрі
"ФРОНТ-ОФИС" жүйесі өтініш иесінің құжаттарын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды арқылы беріліп, тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзімде қаралған соң, жауабы "Фронт-офиске" бағытталып, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекен-жайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар қала тұрғындары бұл жобаға "shymkent.gov.kz/frontoffice" сайты арқылы кіруге немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпарат алуға болады. Бұл бір сөзбен, ыңғайлы, жылдам әрі заман талабына сай қызмет түрі болып саналады.
Айта кетерлігі, бұл кеңседе 25-26 маман еңбек етіп, 100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсететін болады деп жоспарланып отыр. Барлық өтініш, сұрақтарға ҚР Заңнамасында белгіленген мерзімде жауап берілетін болады.