Ол сондай-ақ Ұлттық қордың валюталық активтерінің қыркүйектің қорытындысы бойынша 64,4 млрд. долларды құрағанын хабарлады. Оның айтуы бойынша елдің халықаралық резервтері 2016 жылғы қыркүйектің соңында жалпы 95,8 млрд. долларды құрады.
«Қаржы нарығындағы ахуалдың байқалып отырған жақсаруы, экономикада оң белгілердің пайда болуы және оң күтулердің қалыптасуы қазанның басында біздің базалық мөлшерлемені 12,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдау факторы болды. Тәуекелдердің төмендеуіне және экономикада байқалып отырған үрдістердің орнықтылығын растауға қарай базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету жоққа шығарылмайды», - деп толықтырды Д. Ақышев.
Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының Өскемен қаласына сапармен келгенін еске саламыз. Ол «Алтай Invest-2016» Халықаралық инвестициялық форумның жұмысына қатысты, сондай-ақ ҚР ҰБ Шығыс Қазақстан филиалы мен Қазақстан теңге сарайына барды