Туризм мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік салалары бойынша өткізілген роуд-шоу мен В2В кездесулер соңында форум делегаттары ықпалдастық жөніндегі 14 меморандумға қол қойды. Форум барысында Шығыс Қазақстанның туристік операторлары Болгария мен Қытайда өздерінің жаңа нарықтарын ашты.
Агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша 1,8 млрд теңгені құрайтын 11
Кәсіпкерлік пен энергетика саласы бойынша 33,5 млрд теңгені құрайтын 4 меморандум жасалды.
Айта кетсек, Өскемен қаласында «Аltai Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр. Оған әлемнің 14 мемлекетінен 300-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында қаржы институттарының өкілдері, Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, Канада, ҚХР, АҚШ, Словакия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркия, Чехия мемлекеттерінің инвесторлары мен дипломаттары бар.
Инвесторларға облыстағы агроөнеркәсіп кешені, энергетика, туризм салалары бойынша 927 млрд теңгені құрайтын 84 жоба ұсынылды.
Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 255 млрд теңгеге жуық 38 келісім мен меморандумдарға қол қойылды.