26.10.2016 в 22:05

Жуалы ауданында 9 мың тонна ет өндірілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов мәлімдеді.

2016 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 0,1пайызға, шошқа басы 11 пайызға артып, қой-ешкі, жылқы, құс басы 100,0 пайызды құрап отыр. Мал өнімдері бойынша ет өндіру тірі салмақпен 9,1мың тн (9,03мың), сүт өндіру 34,1 мың тн (32,4), жұмыртқа 6 млн. 566,3 мың данаға (6 млн. 566,3), жүн 340,7 тоннаға (340,7) жетіп, ет 0,2, сүт 5,1, пайызға артып, жұмыртқа мен жүн өндіру 100,0 пайызға орындалды, - деп айтты спикер.

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2016 жылға аудандық маңызы бар және ауыл ішілік автомобиль жолдарын орта, ағымды жөндеуден өткізуге және жолдарды күтіп-ұстауға аудандық бюджеттен 192 750,0 мың теңге облыстық бюджеттен 30 228,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, 13,12 шақырым ауыл аралық 5 автомобиль жолын және 7,9 шақырым 7 көше жолын орта жөндеуден өткізуге жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды, - деп хабарлады өңір басшысы.