Аудан әкімдігінің қызметі ауданның экономикалық әлеуетін ұлғайтуға, әлеуметтік саланы дамытуға және Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда. Өсім. Реформалар. Даму.» атты Жолдауын және «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған. Атқарылған шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етілді. Есепті мерзімде ауыл шаруашылық өнімнің жалпы шығарымы 15 млрд. 929,0 млн. теңгені құрады, немесе нақты көлем индексі 104,6 пайыз, оның ішінде - өсімдік шаруашылығы 6417,6 млн. теңге,немесе 109,6, мал шаруашылығы 9508,7 млн. теңге, немесе 101,4 пайызды құрайды. Бүгінгі күнге дәнді және бұршақты дақылдар барлығы 33,5 мың га (31,4) жері орылды (100%), орташа өнімділік 22,7 цн\га (17,3) айналды, жиналған өнім 75,9 мың тоннаны (57,3) құрап, толығымен аяқталды (100 пайыз), оның ішінде 12,3 мың га бидай, орташа өнімділік 23,2 цн\га (17,5) айналды, барлық бидай өнімі 27,9 мың тонна (17,2). 21,2 мың гектар арпа , орташа өнімділік 22,4 цн\га, (17,1 ) жиналған өнім 48,6 мың тонна (39,7). Есепті мерзімде майлы дақылдың орылғаны 22037 га, өнімділігі 6,5 ц/га , картоп дақылының жиналғаны 2150 га, өнімділігі 226 ц/га, көкөніс дақылының жиналғаны 639 га, өнімділігі -238 ц/га, жүгері 240 га, өнімділігі 64 ц/га алынды. Есепті мерзімде 3200 га күздік бидай себіліп, 4990,0 га сүдігер айдалды. Бүгінгі күнге 7290 га. күздік бидай себіліп, 6890,0 га сүдігер айдалды, - деді спикер.