27.10.2016 в 21:12

Жамбылдық 13 кәсіпкер «Даму» қорының мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жобасы аясында көмек алды

«Даму» қорының мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жобасы бойынша, 13 жамбылдық кәсіпкер қолдау алды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» Кәсіпкерлік қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының директоры Азамат Исламұлы мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, салалар бөлінісі бойынша, қолдау тапқан жобалардың негізгі бөлігі «Өңдеуші өнеркәсібінде» - яғни 25%, ары қарай «Көтерме сауда» саласы - 20%, «Тұру және тамақтану бойынша қызметтер» - 12%, «Білім беру» және «Денсаулық сақтау» салары - 10%, қалған салар - 23%.

Ең белсенді банктер «Халық банкі Казахстана» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ және «Евразийский Банк» АҚ.

Облыс тұрғындарына, қаржыландырудан тыс қолдау жобаларын, аймақтық филиалдың негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жүзеге асырады. Айталық, 2016 жылдың 9 айында, орталық арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары, бухгалтерлік және салық есептері, заң ережелері, бизнес - жоспар жазу бғыттары бойынша 8,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір тиімді әдісі, кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған оқу бағдарламалары. «Даму» қоры, осы бағыт бойынша 3 негізгі жобаны жүзеге асырады. Олар:

«Шағын-орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы, жұмыс істеп тұрған мекемені басқаруда тиімділігін арттыру дағдыларын ұлғайтуға бағытталған, бұл жоба бойынша 13 мекеме басшысы білімін жетілдірді.

«Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасы бойынша, жұмысын жаңадан бастауға ынталы 90 азамат оқудан өтті.

«Студенттердің кәсіпкерлік бастамалардын қолдау» жобасы бойынша облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 85 студенті, дәріс алды.

«Даму» қорының, мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жеке «Даму-Көмек» жобасы бойынша 13 кәсіпкер қолдау алды, - деп хабарлады А.Асқаров.