29.10.2016 в 18:58

Шығыс Қазақстанда марал өсірушілер жаңа технологияларды меңгеруде

Шаруашылықтарда қытайлық зерттеуші ғалым қолдан ұрықтандырудың озық тәсілдерін үйретуде. Бұл жұмыстар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының марал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асуда.  Бұрын елімізде қолданылмаған тәсіл көрсеткішті 2 есе арттырды. 100 бас аналықтан 80-90-ға дейін төл алуға болады.  Облыста бүгінде 18 шаруашылықта 10 мыңнан астам марал өсіріледі. Оның мүйізі мен қанынан дәрі-дәрмек жасалады.

Чан Шау Мин, марал шаруашылығын зерттеуші ғалым /Қытай/ -Бұған дейін Жаңа Зеландия, Корея, Тайвань сияқты мемлекеттерде шеберлік сабақтарын өткіздім. Шығыс Қазақстандағы Алтай маралдарының ірілігі және жайылымдық шөптердің сапасы таң қалдырды.

Нұрлан Тоқтаров, Қазақстан марал өсірушілер палатасының төрағасы -Осы технологияны пайдалансақ, онда бір шаруашылық екіншімен, екіншісі үшіншімен араласып отырады.

khabar.kz