Өткен үш тәулік ішінде тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 54 құқықбұзушылықты және 9 экологиялық қылмысты анықтады. Атап айтқанда, ағаштарды кесу, жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау талаптарын бұзу, балық аулау, күтіп ұстау қағидаларын және жасыл желектерді бұзу ең көп тараған құқықбұзушылықтар болып табылуда.
Мәселен, 1 қараша күні полицейлер Сарыағаш ауданы аумағындағы Келес өзенінің бойында ағаштарды заңсыз кескен 1988 жылы туылған
Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабымен «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 45 құқықбұзушыға әкімшілік тәртіппен 130 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Табиғатты қорғауға бағытталған аталған іс-шара 10 қарашаға дейін жалғасатын болады.