«Биылдың өзінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында 2,5 мыңнан астам оңтүстік азаматтары бар. Әр адам отанын сүюді өзінен бастаса ғана нәтиже шығады, яғни еліміз дамып, жер көркейеді. Міне сол үшін де әр адам өз деңгейінде еліміздің өркендеп өсуіне, гүлденуіне, тыныш әрі бейбіт өмір сүруіне үлес қосатынына сенімдімін. Жас сарбаздарға елді қорғауда табыс тілеймін»,-деді облыс басшысы.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында, жас буын отан алдында мемлекетіміздің тұтастығы мен тыныштығын және
Естеріңізге салсақ, күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қазаннан басталды. Жыл сайын Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқармалары ҚР Қарулы күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға 4 мыңнан астам адамды отан алдындағы борышын өтеуге жібереді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады. Ағымдағы жылдың 24 қазаны мен 19 қараша аралығында Шымкент қаласының орталық жинақтау бекетінен 500-дей әскери міндеттілерді ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне шығарып салу жоспарланып отыр.