- Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мәселені алдымен ұғымдар мен анықтамалардан бастауы керек. Себебі ұғымдар сөздерден тұрады. Ал сөз киелі құбылыс. Сөзді түзесек, іс те түзеледі.
- Ең қарапайым мысал... Біз зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекетпіз. Осы жерде дін және мемлекет арасындағы қатынасты реттейтін ""зайырлылық ұстанымы" бар. Бұл ұстанымның адамзат тарихында да біздің ел тарихында да орны бар. Алдымен осы еліміздің конситуциясында "дін құбылысының" қай қыры нақты айтылған. Жалпы дін дегеніміз не? деген сұрақтан бастаса да артықтық етпейді...Сосын барып зайырлылық ұстанымының қазақ діни тәжірибесіндегі ізі мен тарихи санадағы модельдері бар ма, соны тауып, тану керек. Сосын мемлекет деген не? Біз қандай мемлекет құрдық...кеше, бүгін, ертең..қалай болады...Сосын Мемлекеттік институт пен қоғамдық институт арасын нақты ашып ұстанымдық қабаттарды нақтыласын. Мемлекет дін және мәдениет арасындағы онтологиялық байланыстарды қайта комментарии жасасын. Зайырлы мемлекет болады, ал зайырлы мәдениет бола алмайды. Сол сияқты зайырлы адам, зайырлы қоғам да болмайды. Себебі біздің демократиялық елде бұл кешегі кеңестік ғылыми атеизмнің ұстанымы мен идеологиясы болатын. Енді келіп алып, зайырлылық атеизмді білдірмейді деп анықтама жасаймыз да, артынан қоғамды вертикальды сызықпен бөліп тастап, барлық қабаттарынан зайырлылықты тықпаласақ, онда советтік сана сол қалпы қалғанын білдіреді. Мұндай қайшы-кереғар ұғымдар мен анықтамалар жалғаса берсе, ел болашағын елестету мүмкін емес. Ол хаосты, сосын, ұғымдардың ұғынылмауын артынан құныдылық атаулының құнсыздануына апарады.
- Сосын зайырлылық ұстанымын қадағалауда, оны басшылыққа алуда "дінтанушылық метод" жақсылыққа жетелемейді. Оған дін құбылысын "біртұтас" қарастыратын онтологиялық теологиялық талдау қажет. Себебі осы зайырлылықты қабылдайтын сана ол осы елдің азаматы. Оның сенімін, де танымын да, ұстанымын да, құқықтық жауапкершілігін де, еркі мен ниетін де, ары мен ожданын да тек ортақ келісіммен, құқықтық санамен ғана тынышталдыра аласың...Жалпы адам ақылы-ойы санасы уәжбен, рационалды платформалармен, екі жақты (мемлекет-қоғам) диалогтармен, ортақ қалыптасқан тарихи құндылықтармен ғана қанағат табады.
- Дінтанушылық методпен қоғам ақиқатын анықтауға болады. Бірақ ол атеистік идеологиялық мемлекет шындығына ғана жауап береді. Мысалы тарихты жоққа шығаратын салафизм платформасын "исламдық протестантизм" деп анықтаймын. Себебі ол адамды адам еткен барлық құндылықтарды, оның тарихи тәжірибесін түбегейлі жоққа шығарып, беймәлім өзгеріске үндейді. Қазақтарды бүгінгі мұсылмандығын "таза ислам" қалыбына сыймайтын түгелімен "ширк, бидғат, куфрге толы" түсінік деп есептейді. Олар үшін қазақтардың басым көпшілігі мушрик. Ал енді солардың тенденциясы белгілі, біз мемлекет ретінде де бүгін қоғамды кешегі дінтанушылық методпен, қазақтардың 67 пайызы "верующии но не практикующий", 15 пайызы ғана верующий и практикующий", қалғаны "атеист" десек, онда өз қолымызбен салафиттерге плацдарм дайындап берудеміз деген сөз. Сондықтан әрбір ұғымды қолданарда мемлекеттік институт, өте сауатты әрі ғылыми танымдық негізде ұсынса жөн. Бүгінгі билік өкілдері аузынан осындай елдің ертеңін "аварияға" ұшырататын сөздерді еш ойланбастан айта береді. Әрбір сөздің принципі мен идеясы бар. Ол қару. Сен ойланып қолдансаң ғана сені тыңдап отырған елді уәжге, ортақ құндылықтық платформаға топтастыра аласың.. Сонда сөз түзелсе, ел де уақытпен бірге түзеле бастайды. Санасы да еркі де жігері де сол ақиқатқа қарай бағытталады. Бұл да негізі терең ғылым мен білімге, сосын тарихилық ұстанымға барып тіреледі. Ал енді дін, зайырлылық, мемлекет және саясат туралы ешбір зерттеусіз, ғылыми талдаусыз шешімдер мен пікірлер, небір "тапсырмалар" көп. Бұлардың өмірі өте қысқа, әрі мына елге оның баяндылығына да еш пайдасы жоқ.
Фото автордың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.