23.11.2016 в 22:03

ШҚО-ға белгілі боксшы Қанат Ислам келді

ШҚО-ға белгілі боксшы Қанат Ислам келді

AMPӨскемен қаласына бакстан Қазақстанның және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келді. Жұмыс сапары барысында былғары қолғап шебері спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тынысымен танысып, кішкентай жанкүйерлерімен кездесті.

Кездесуге келген Қанат Ислам оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпқой спорт саласындағы бірқатар кеңестерін берді.

– Мен де бір кездері сіздердей қарапайым интернатта тұрып, әлемдік деңгейдегі шаршы алаңда елдің байрағын желбіреткен чемпион болсам деп армандадым. Бастысы армандай білу қажет. Сондай-ақ, спортшы болғандықтан бірінші чемпион болуды емес, адам ретінде қалыптасуды көздеген жөн. Бір күні чемпион болдым деп атақ-даңқты көтере алмай кетіп жатқан жайттар да бар. Егер мықты спортшы болғыларыңыз келсе, жаттығу мен тағамға көптеп көңіл бөліңіздер.  – деді Қанат Ислам.

Кездесу соңында тілегін білдірген боксшы сайыстарда рухани қолдау білдірген әрбір жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, спортта жоғары жетістіктерге жетулерін тіледі