06.12.2016 в 15:06

Ай толмай халқының санын "миллион" қылған әкім жыл толмай бюджетін триллионға жеткізді

Астана бюджетіне алғаш рет триллион теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл туралы Астана қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Астаналық Мемлекеттік кіріс департаменті ең үлкен міндетті орындады - бюджетке миллионан аса теңге жинады.  Бұл Мемлекеттік кіріс департаменттің үш қызметінің (кедендік, салықтық және экономикалық тергеу) реті жұмысының арқасында мүмкін болды", - дейді МКД басшысының міндетін атқарушы Алмат Иманғожин.

Сонымен қатар, ведомствода көлеңкелі экономикаға қарсы мақсатты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтылды.

"EXPO-2017 қарсаңында Департамент көлеңкелі ақша айналымын қысқартуға бағытталған көлемді бақылау-алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Астанадағы барлық аудандық салық қызметін көрсететін орталықтар жетілдірілді, Қазақстанда алғаш рет кедендік құжаттамасы бар көліктік-логистикалық орталық ашылды, бұл тұрғындар мен бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік берді", - делінген таратылған хабарламада.

"Сайгез-ақпарат"