2015 – 2019 жылдардағы бағдарлама аясында 510,8 млрд теңгені құрайтын 34 жоба іске аспақ. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5830 және іске қосылу кезеңінде 5422 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Осы жобалардың ішінде, жалпы құны 35,1 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, облыс тұрғындары үшін 660 жаңа жұмыс орындары пайда болды.
2016 жылдың желтоқсаның бірінші он күндігінде құны 14,1 млрд. тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылуы және 211 жаңа жұмыс орны ашылуы жоспарлануда.
"Казфосфат" "Минералды тыңайтқыштар" ЖШС Тараз филиалының - «ЭФК-1 экстракциондық фосфор қышқыл өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңғырту 1 кезең» жобасы ҚР Инвестициялар және даму министрілігі Жалпыұтттық Телекөпірге тағайындады. Қазіргі уақытта сынамалы бейне түсірілім өткізіледі және Жалпыұтттық Телекөпір бойынша, іс-шаралар жоспары жұмыстар жасауда.
Облысымызда «ЕвроХим - Тынайтқыш» ЖШС-нің қатысумен аса ірі, химиялық кластерді құрайтын, инвестиялық жоба жүзеге асуда. Жобаға сәйкес, жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларын құрайтын, жылына 1,4 млн. тонна минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысы жүргізілмек. 2000 жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Жобаны 2018 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Шу ауданында «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақтың құрылуы, республикада бұрында шығарылмаған немесе шығарылғаны өте аз 16 жуық химиялық өнім шығару өнідірісін іске қосуға мүмкіндік бермек, - деп сөзін түйіндеген басшылық, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына да жауап берді.