07.12.2016 в 23:39

Жамбылда мүйізді ірі қара малдарға RB-51 вакцинасын қолдану жоспарлануда

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Басты мақсат – ветеринария қауіпсіздігі» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Бердияров Оспан Ағабекұлының қатысуымен брифинг өтті.

Оспан Ағабекұлының мәлімдеуінше, ветеринария саласына ағымдағы жылы Республикалық бюджеттен «Эпизоотияға қарсы іс - шараларды жүргізуге» 891 млн тенге, бруцеллезге шалдыққан қой - ешкі малдарды санитарлық союды ұйымдастыру және өтемақы төлеуге 104,0 млн теңге бөлінді. Одан бөлек атқарылатын іс-шаралардың және мал басының өсуіне байланысты жетіспейтін 216 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

Облысымызға жоспар бойынша егілетін вакциналар толығымен жеткізілді. Облыстың ветеринария қызметі облыста аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуда, ауруларды диагностикалауда, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, жоспарланған ветеринариялық іс-шаралар жоспар бойынша орындалуының нәтижесінде облысымызда құтыру мен бруцеллезден басқа аса қауіпті жұқпалы індеттер тіркелген жоқ.

Сондай-ақ, облыс бойынша адамдардың бруцеллез ауруына шалдығуы былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда 23 адамға кеміді.

Облыс көлемінде бруцеллез індетінің алдын - алу, болдырмау мақсатында Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарында вакцинациялау жұмыстарын насихаттап, жұмыс істеуге бағыт беру мақсатында семинар-кеңес өткізіліп, жұмыстар күшейтіліп, бруцеллезге қарсы вакцинасын қолдану қолға алынды.

Ағымдағы жылы ұсақ малдарға "Ocurev" вакцинасы қолданылуда, бүгінге 200-250 мың басқа вакцина егілді, ал келесі жылы мүйізді ірі қара малдарына RB-51 вакцинасын қолдану жоспарлануда.

Облыстық бюджеттен энзоотиялық ауруларға қарсы күресті жүргізуге 288 млн. 007 мың теңге бөлініп, мүйізді ірі қара малының тейлериоз ауруына, жылқының сақауына және ауыл шаруашылығы малдарының сальмонеллез ауыруына қарсы егілетін вакциналары алынып алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ, жергілікті бюджеттерден қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға аудандарда 21 бригада құрылған, жергілікті бюджеттен 35 млн 565 мың теңге бөлініп 22031 ит 58 мысық ауланып жойылды, - деп баяндады ветеринария басқармасының басшысы.