Тәуелсіздік тойында қастерлі Оңтүстіктің төрінде меценаттармен бас қосып, ортақ істі бірлесе жоспарлауды мақсат тұтқан өңір басшысы табанын жерге, арқасын елге тіреген азаматтарымыз әр қиырда аянбай еңбек етіп, абыройға бөленіп жүргенін облыс жұртшылығы мақтан ететінін жеткізді.
«Татулық пен тұрақтылықты ту еткен Қазақ елінің ендігі мақсаты – әлемде дамыған отыз елдің арасынан өз орнын табу. Бұл жолда Елбасының жанқиярлық ерлігіне ел болып бірлесіп қолдау білдіруіміз қажет. Сондықтан да қасиетті Тәуелсіздіктің тойында ел перзенттерінің басын қосып, ортақ ісімізді ойласып алуды көздеп отырмыз. Ұлт көшбасшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде жиі айтып, мемлекетті өркендету мақсатына лайықты үлесін қосқан кәсіпкерлерді назарынан тыс қалдырған емес. Бүгінгі басқосуымыз да Президент әкімшілігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ендеше «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» деп аталатын
Сонымен қатар, облыс басшысы барша жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, аймағымыздың өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген кәсіпкерлерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды.
Салтанатты шарада туған жерді түлету туралы толғаныстары мен пікірлерін ортаға салған жерлестеріміз елге қызмет ету, туған өлкеге қамқорлық жасау – перзенттік борыштары екенін атап өтті. Мәселен, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбай, жазушы, драматург Дулат Исабеков, Мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенко, «Атакент» корпорациясының төрағасы Халық Абдуллаев, «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі Болат Жылқышиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиевалардың жан тебірентерлік сөздері, елді, өңірді көркейтудегі ұсыныстары жиналған көпшіліктің көкейіндегісін дөп басты. Ал меценат, кәсіпкерлер Серікжан Сейітжанов, Дінмұхаммед Ыдырысов, Бахриддин Әбіләзімов, Қайрат
Оңтүстіктің өзгелермен салыстырғанда даму мүмкіндігі мол. Климаты, топырағы, халқы, табиғаты бәрі-бәрі өз үйлесімін тауып тұр. Енді тек нағыз іскер азаматтар бейтарап қалмай, бірігіп аймақтың дамуына күш салуы керек деп, өңір жанашырларын бірлесе жұмыс істеуге шақырған облыс әкімі туризм, ауыл шаруашылығы салаларында іске асырылатын бірқатар жобалармен бөлісті.
Мәселен, әкім көне Түркістан қалашығын жаңғырту бойынша эскиздік жоба әзірленгенін айтып, Қ.А.Яссауи кесенесінің аумағын абаттандыру жоспарланғанын жеткізді. Өңірімізді көркейтудегі жобалардың қатарына «Сарыағаш» курорты аумағын кеңейтіп, халықаралық деңгейге көтеру, Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру үшін инвесторлар тарту, облыс аумағында тау-шаңғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жоспарлар да бар.
Салтанатты кездесу соңы «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» басқосуына қатысушыларының үндеу қабылдауына ұласты. ҚР Еңбек
Егемендіктің ширек ғасырлық тойына арналған торқалы той Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің концертімен жалғасты.