Шараның ашылу салтанатында ҚР Таеквондо федерациясының вице-президенті Арман Шылманов федерация басшылығы атынан ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына таеквондо спортының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, басқарма басшысы Асқар Можановқа алғыс хат табыстады.
– Шығыс Қазақстанда барлық спорт түрінің, соның ішінде таеквондоның дамуына толықтай
Таеквондо федерациясының ШҚО бойынша президенті Мирхат Болатхановтың айтуынша, бұл тек ел чемпионаты ғана емес, Азия чемпионатының іріктеу сыны болып табылады. Сайыста жеңіске жеткендер келер жылы Оңтүстік Кореяда өтетін Азия Чемпионатында ел намысын қорғамақ.