Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарық көрген «Қазақ хандығы – елдіктің бастауы», «Тараз төріндегі тағылымды той», «Ел Президенті – Жамбыл жерінде», «Тарихи зерде – жаңғырған атау» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Олар: «Қазақ хандығы елдіктің бастауы», шығарушысы - Облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы; Құрастырушысы: Мақұлбек Рысдәулет.
«Тараз төріндегі тағылымды той»
Шығарушы: Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ;
Авторлары: Елен Әлімжан, Толқынбайұлы Тұрсынхан.
«Ел Президенті Жамбыл жерінде»
Шығарушы: Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ;
Құрастырушысы: Толқынбайұлы Тұрсынхан, редакторы: Елен Әлімжан.
«Тарихи зерде – жаңғырған атау»
Шығарушы: Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы;
Авторы: Дүйсенбин Пернебай.
Арнайы келген қонақтар мен БАҚ өкілдеріне кітаптарды таныстыру. Кітаптарды шығарудағы басты мақсат: тарихымызды дәріптеп, келер ұрпаққа аманат дүниелерді көрсету. Шығарылған кітаптарда қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының елімізде аталып өтілуі, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылында облыста атауы өзгерген елді-мекендер сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылында облысымызға жасаған арнайы жұмыс сапарлары туралы кеңінен ойлар қозғалады.
Тұсаукесер рәсіміне тарихшылар, жазушылар, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, облыс әкімдігінің ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының өкілдері, саясаттанушылар, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.