16.12.2016 в 23:15

Тұтас ғасырға тең 25 жыл

Елбасының қатысуымен өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынды мыңдаған жамбылдық көгілдір экран арқылы көрді,-деп жазады 24.kz. Әулиеаталықтарды қуантқан қос жаңалық: 2017 жылдың шілдесінен бастап зейнетақы мен бала тууына байланысты берілетін бірреттік жәрдемақы көлемі 20%-ға артуы болып отыр. Бұл жөнінде Президент мерекелік жиын кезінде мәлімдеді. Ол бала туу көрсеткішін арттыруға сеп болмақ. Қазірдің өзінде оның деңгейі Тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда 55%-ға өскен. Білім беру саласы да серпіліс жасайды. Жаңа жылдан бастап жастарға техникалық білім тегін беріледі. Осының арқасында әр қазақстандық белгілі бір техникалық мамандық иесі болмақ.

Қалдыгүл Қожакерімова, мұғалім: - Көңілмен, жақсы тұжырыммен қабылдадық. Өйткені бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығындағы істеген ересен еңбектері, Елбасымыздың жолымен жүріп, артынан ілескен бүкіл қазақ еліміздің, Қазақстандағы халқымыздың істеген еңбектерінің нәтижесі деп білеміз.

"Сайгез-ақпарат"