Жамбыл облысының өсіп-өркендеуіне ат салысып жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Жиында өңіріміздің дамуына ат салысып, қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медальдары табысталды. Сондай-ақ мереке қарсаңында 16 адам Жамбыл облысының құрметті азаматы атағын алды. Олардың ішінде Социолистік Еңбек ері Мәрзия Ибрагимова, еңбек ардагерлері Әбдірахман Мамашев, Халид Базаралиев, Қасымхан Төлендиев, Төлеухан Оспанбеков, Нілзия Рақышева сынды азаматтар бар.