09.12.2016 в 22:57

Жамбыл ауданында ардагерлер үйі ашылды

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Жамбыл ауданында  облыстық «Іс-қағаздары-жұмыс нәтижесінің айнасы» тақырыбында аймақтық семинар кеңес өтті. Сонымен қатар, аудан орталығы Аса ауылында Ардагерлер үйі  салтанатты түрде ашылды.

Жаңадан бой көтерген  ардагерлер әдемі әрі, зәулім . Оның ішінде бірнеше зал, ардагерлермен жұмыс істейтін арнайы  кабинеттер, шахмат-дойбы клубы,   және медициналық бөлме орналасқан. Олардың барлығы заманауи  жабдықтармен жабдықталған. Жиын барысында Ардагерлер үйінде облыстық семинар кеңес өтті. Онда Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің жұмыс тәжирибесі  және іс-қағаздар жүргізу барысы көрсетілді.

Еркінбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бұл жөнінде облыстық ардагерлер кеңесі барлық аудан әкімдеріне біраздан бері, ұсыныс-тілегін айтып жүрген болатын. Біздің сұранысымызды қабыл алып, ардагерлердің бір мезгіл бас қосып, елдін жайын жердің жайын талқыға салатын , бой сергітетін жеке  ғимарат бөлген аудан басшылығына ризашылығым шексіз.