Бүгінгі таңға, 7 ұйым бойынша бағалау жұмыстары аяқталды, бағалау жұмыстары аяқталған 1 кәсіпорын мен 1 жылжымайтын мүлік бойынша тендерлер өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Асқар Санатұлы хабарлады.
Тараз қаласы, Театральная көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК-ның ғимаратын кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы ақпараттық хабарлама республикалық «ЗакупИнфо» газетінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №211 (1155) нөмірінде жарияланып, тендер 2016 жылдың 29 қарашасында өтті. Объектінің сатылу бағасы 121,6 млн. теңге болды.
Сонымен қатар, мүліктік кешен ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №2 және 7 қалалық емханаларын, Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығын, Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасын және Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансерін кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы ақпараттық хабарламалар республикалық «ЗакупИнфо» газетінің 2016 жылғы 25 қарашадағы №223 (1167) нөмірінде жарияланып, тендер 2016 жылдың желтоқсан айының 13-14 күндеріне белгіленіп отыр.
Ал, қалған 5 ұйым бойынша, яғни №1, №4, №9 қалалық емханалары мен облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы диспансерлеріне бағалау жұмыстары №1 қалалық емханасы толық көшіп - қонып, әділет органында құқықтанушы құжаттарын даярлағаннан кейін жасалатын болады.
Ал, «Айша бибі санаториін» кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру 2018 жылға жоспарланды. Бұл мәселелер тұрақты бақылауға қойылған, - деп хабарлаған басқарма басшысы А.Қырықбаев брифинг соңында журналистердің сауалдарына да жауап қайтарды