Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, жекешелендірудің екінші толқыны елімізде 2014 жылдан бастау алып, кешенді жоспар қабылданып, кешенді жоспарға сәйкес, облыс бойынша 2014 - 2015 жылдары 26 ұйым жекшелендірілуі тиіс болатын.
2014 жылы 11 ұйым ішінара жекешелендіріліп, одан жергілікті бюджетке 66, 2 млн. тенге түсті.
2015 жылы 14 ұйым жекешелендіріліп, одан 24, 6 млн. теңге түсіп, барлық түсім 90, 8 млн. теңгені құрады.
Оның ішінде:
мемлекеттік қатысу үлесінің 51 пайызын құрайтын Тараз қаласының «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 615, 8 млн. теңгеге 3 жыл мерзімге; мемлекеттік қатысу үлесінің 10 пайызын құрайтын Тараз қаласының «Тараз Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 7, 7 млн. теңгеге 3 жыл мерзімге;
«Болашақ» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 300,4 млн теңгеге 10 жыл мерзімге;
«Рауан» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 368,0 млн теңгеге 10 жыл мерзімге, яғни 4 ұйым кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.
Ал, Т.Рысқұлов ауданындағы «Жасыл Құлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 49 пайызы сатылымға 5 рет шығарылып, сатып алушылардың болмауына байланысты сауда - саттық өтпеген деп танылды, - деп сөзін түйіндеді А.Қырықбаев.