Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Дауренбеков Даулет Карібайұлының қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында Даулет Карібайұлы өз баяндамасымен толық таныстырып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына да толықтай жауап қайтарды.
Енді жылжымайтын мүлік объектісінің жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бір рет барсаңыз жеткілікті. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға кемінде үш рет баруы қажет болатын.
Пилоттық жобаны іске асыру бойынша корпорацияға екі өтініштерді бір мезгілде ұсыну жүзеге асырылады. Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.б нәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық паспортты және құқық белгілейтін құжатты (жекешелендіру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.
Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну қажет, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады. Енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де рәсімдейді. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады, - деп баяндады Д.Дауренбеков.