Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ішкі қауіпсіздік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғани Төреханұлы Дәулетбаев мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына шешілмес бұрын әркім оның қиын зардабын түсіну керек деп ойлаймын. Пара беру мен алғаны үшін ҚР қылмыстық заңнамасымен қатар пара сомасынан 20 - дан 80 - дейін еселі айыппұл төлеу жоғарғы жазалау шаралары 15 жылға бас бостандығынан айырылу мүлкін тәркілеу және белгілі бір қызметінен айыру немесе белгілі бір қызметтпен айналысу құқығынан айыру.
Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы заңнамасына жаңа ережелерімен толықтырылған, жемқорлықты алдын алу бойынша шаралар қарастырылған, оның ішінде жемқорлыққа қарама-қарсы келу саналылық танытқанға материалдық көтермелеу шаралар қолданылған.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» заңы күшіне енді. Енді тұлға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға 212 000 теңге дейін ақшалай сыйақы алады, - деп мәлімдеді басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғани Төреханұлы.