2016 жылдың 20-27 қараша аралығында Павлодар қаласында бокстан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Чемпионатқа Жамбыл облысынан 10 спортшы қатысып 75 кг салмақ дәрежесінде Әбілхан Аманқұл І-орын (жаттықтырушысы-Нұрлан Ақүрпеков), 56 кг салмақ дәредесінде Жанболат Қыдырбаев (жаттықтырушысы-Көпболсын Сыдығалиев) ІІІ-орын және
91 кг салмақ дәрежесінде Арбек Абдуғаниев (жаттықтырушысы- Көпболсын Сыдығалиев) ІІІ-орын иеленіп, Қазақстан Ұлттық құрама командасы сапына енді.
««Астана-Арландары» кәсіпқой бокс клубына облыстың 6 спортшысы енді. Атап айтқанда:
1. Мадиев Ермек 49 кг
2. Қыдырбаев Жанболат 56 кг
3. Сәрсенов Мирас-Әли 60 кг
4. Шымбергенов Асланбек 69 кг
5. Тұрмамбеков Әбілқайыр 91 кг
6. Аманжолов Нұрсұлтан 91 кг.