2015 жылы екінші бесжылдықта Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриалдандыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда 150 - 200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Сулейменсай» карьерінің әктасы мен топырағын пайдалануда. Жалпы құрылыс жұмыстарының 100 пайызы жасалынып, монтаж қондырғылары қойылып, инфрақұрылымын жүргізуде. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 160 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жолданды.
Зауыттың Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін жүргізу үшін 97,0 млн.теңге және зауыттың инфрақұрылымын жүргізуге 1,2 млрд.теңгеге жобалық-сметалық құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасына тапсырылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды. Қазіргі таңда бөлінген 1,2 млрд. теңгенің 400 млн. теңгесіне және 97 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек ауданда 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриаландыру картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС-і жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу. Қазіргі таңда зауытқа Итальяндық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады.
Республикалық индустрияландыру картасына 2018 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 356,6 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда 400 жаңа жұмыс орындары ашылады, - деп мәлімдеді Қадырбек Рысқұлбекұлы