"Қазақстан мен Қытай арасында берік байланыс орнап келеді. Сіздер білесіздер, Қытай Премьер-Министрі Қазақстанда құрылыс зауыттарын салу және жандандыруға байланысты міндеттерді жүктеген болатын. Егер өнеркәсіп саласында жұмыс жасауды қалайтын адам болса, алтын, барит, уран, көмір, гранит шығатын орны бар. Ал, агроөнеркәсіптік кешен саласында қызмет етуді қалайтындарға жер, су, күн жеткілікті,-деді аймақ басшысы.
Ал Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Вэй екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың басым екендігін айтты. Қытай елшілігі Жамбыл облысындағы кең ауқымды мәселелерді бірлесіп, ынтымақтаса шешу қажеттігін жеткізді. Кездесу одан әрі Ираннан келген инвесторлар тобымен жалғасты.. Кездесу барысында ирандықтар Қазақстан оның ішінде Жабмыл облысының ет экспортына қызығушылық танытты. Оған қоса, шетелдік кәсіпкерлер агроөнеркәсіп кешенімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айтты.
Сонымен қатар, ирандық делегация энергетика және құрылыс саласына қатысты да жобалар ұсынды. Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев көгілдір отыннан алынатын электр энергиясы мен классикалық құбыр өндірісі жобаларына ерекше тоқталып өтті