24.11.2016 в 02:36

Жамбыл облысында ғылыми-практикалық конференция өтті

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Ауылшаруашылығы саласында мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту» тақырыбында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Құлан ауылшаруашылық колледжінің базасында облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Бұл туралы Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Конференцияға ауылшаруашылығы басқармасының, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен  Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Омарбеков, И.Әбдікерімов атындағы Қызылорда агротехникалық колледжінің оқытушысы М.Жұмаш, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, оқытушылары мен шеберлері, әлеуметтік серіктес -шаруа қожалықтары мен кәсіпорын басшылары қатысты.

Конференция жұмысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған білімгерлердің көрме жұмыстарымен басталды. Көрмеге ауылшаруашылығы өнімдерінен әзірленген композияцилар мен ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша  ғылыми жоба макеттері қойылды. Одан әрі Құлан ауылшаруашылығы колледжінің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Оның ішінде: зертханалар, шеберханалар, жылыжай жұмысы, оқу-техникалары.

Конференцияның пленарлық отырысын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Есеев Саясат Керімбекұлы «Өңірде ауылшаруашылығы саласындағы мамандардың даярлану барысы туралы» баяндамасымен бастап Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ауылшаруашылығы мамандарын даярлау барысы мен мамандар даярлаудағы  жетістерге тоқталса, облыс әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Анабеков Еркебұлан Даниярбекұлы өңірдегі ауылшаруашылығы саласының дамуы жайлы баяндады.

Сондай – ақ, ғылыми практикалық-конференция жұмысына маман даярлаудағы әлеуметтік серіктес, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті он-лайн тәсілінде қатысып,  аталған университеттің оқытушысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Омарбеков Есенгелді Омарбекұлы және «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында ветеринариялық медицина мамандығы бойынша білім алып жатқан, Тараз қаласының азаматы  Ноғайбеков Шалқар Жомартұлы да өздерінің ауылшаруашылығы саласындағы баяндамаларын оқыды.

Конференцияның 2-бөлімінде әлеуметтік серіктес шаруа қожалықтарының және  колледж басшыларының қатысуымен өткен  бірлестік отырыстарында ауылшаруашылығы саласында маман даярлаудағы мәселелер талқыланды. Ал «Ветеринария», «Ферма шаруашылығы» бірлестік отырыстарында колледж оқытушылары мен шеберлері ауылшаруашылығы саласындағы педагогикалық озық іс-тәжірибелермен бөлісті.

Конференция жұмысын «Қайқы» шаруа қожалығында дуальды оқыту жүйесі аясында өндірістік іс-тіжірибеден өтіп жатқан білімгерлердің жұмысымен қорытындыланды.