23.11.2016 в 02:38

Жамбылдық споршылар жыл басынан бері әлемдік жарыстарда 105 медальға қол жеткізді

Жамбылдық спортшылар үшін өткен 10 ай  ерекше табысты жыл болды. Олар түрлі жас дейгейіндегі республикалық және халықаралық спорттық бәсекелерде жоғарғы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізді.

Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына облыстан 5 спортшы  қатысты. Олар бокстан Олжас Сәттібаев – 52 кг салмақта, дзюдодан Елдос Сметов – 60 кг салмақта, таеквондодан Руслан Жапаров – + 80 кг салмақта, жеңіл атлетикадан Михаил Красилов пен Светлана Голендова.

Дзюдо күресінен Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар, Зульфия Габидуллина 2016 жылдың 7–18 қыркүйек аралығында Рио-де-Жанейро (Бразилия) қаласында өткен XV Жазғы Паралимпиалық ойындарында 100 метр қашықтықта еркін жүзуде ел тарихында тұңғыш рет Паралимпиада чемпионы атанды.

Жалпы 2016 жылдың 10 айында  облыс спортшылары Әлем, Азия чемпионаттары мен кубоктарында 105 медальға (оның ішінде 49 алтын, 32 күміс және 24 қола), Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен кубоктарында 639 медальға (оның ішінде 231 алтын, 186 күміс және 222 қола) және халықаралық турнирлерде 86 медальға (оның ішінде 31 алтын, 21 күміс және 34 қола) қол жеткізді.

Ағымдағы жылы 1 спортшы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері»,  8 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 41 спортшы спорт шебері нормативін орындады. Ал, 1 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.