23.11.2016 в 02:47

Жамбылда соңғы екі жылда 5 спорт нысаны пайдалануға берілген

Жамбыл облысында бұқаралық спортты дамыту бойынша  бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күнге облыста 45 спорт мекемелері жұмыс атқаруда (26-аудандық спорт мектептері, 7-қалалық спорт мектебі, 7-спорт клубы, дарынды балалар мектеп-интернаты, олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектебі, спорт сарайы).

Спорттың бұқаралығын арттырудың бірден-бір жолы – ол спорт инфрақұрылымдарын дамыту. Бұл ретте соңғы  2 жылда өңірде 5 спорт кешені салынып, пайдалануға берілді.

Соның ішінде, биылғы жылы демеушілер есебінен Қордай және Шу қаласындағы спорт кешендері іске қосылды.

Ал, облыс орталығында 7 стрит воркаут  алаңшалары ашылды.

Осындай шаралардың барлығы – облыс бойынша бұқаралық спортты дамытуға бағытталған оң үрдістер.

Жалпы, облыста спорт нысандарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 9 бірлікке артып, 2022 нысанды құрады (1 спорт сарайы, 19 стадион, 15 спорт кешені,  665 футбол алаңы, 553 спорт залы, 664 спорт алаңшалары және 105 басқа да нысандар).