«Ақжол» газетінің бас редакторы, Талас ауданының құрметті азаматы К.Сәттібайұлы, мәдениет саласының ардагері Ә.Әмзеұлы, Талас ауданының құрметті азаматы Б.Құлекеев әнші туралы естеліктерімен бөлісті.
Конкурстың мақсаты қазақтың ән өнерінде өзіндік орындаушылық шеберлігімен, табиғи талантымен ерекшеленіп, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Талас өңірінің тумасы әнші-термеші Алтынбек Оразбековтің есімін кейінгі ұрпаққа насихаттау болса іс-шара өзінің діттеген межесіне жетті деуге болады. Конкурсқа барлығы 19 әнші-термешілер қатысты.
Конкурсқа қазылық еткен Мейрамбек Төлепберген - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облыстық маслихатының депутаты, «Қазақстан» РТРК акционерлік қоғамы, Жамбыл облыстық филиалының директоры, қазылар алқасының төрағасы, Әбиірбек Тінәлі - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,әнші-сазгер
Асылхан Шүңіреков – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосының әншісі, Дүйсенбек Өмірәлиев - ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жыршы-термеші, Ержан Ыдырысов - «Майра Уәлиқызы» атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты, Облыстық филармонияның «Тараз» триосының әншісі
Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Бықыбаев пен Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиев Алтынбек Оразбековтың жұбайы Нұрбекова Жамал апайға сый-сияпат тапсырды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде иегері –Е.Ибаділдаев (Тараз қаласы)
І-орын Нұржан Мәулен (Талас ауданы)
ІІ-орын Е.Қасымбеков (Шу ауданы)
ІІ-орын С.Мухамедьяров (Тараз қаласы)
ІІІ – орын Б.Шубаев (Меркі ауданы)
ІІІ – орын Қ.Ахметов (Қордай ауданы)
Ынталандыру сыйлығы иегерлері Б.Рланов (Шу ауданы), Ә.Әбдікерімов Тараз қаласы), Мәлик Мықтыбеков (Жуалы ауданы), Айбек Қарасаев (Тараз қаласы) тапсырылды. Барлық жеңімпаздарға ұйымдастыру тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.