10.09.2014 в 11:46

Мырзахметов құрылыстарды аралады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкент қаласының жаңа әкімшілік іскерлік орталығында болып, осындағы бірқатар нысандарда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аймақ басшысы алдымен облыстық драма театры мен «Түркістан» сарайындағы құрылыс жұмыстарының барысын қадағалады. «Наурыз» алаңы алдында жаңадан бой түзеген облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен әдеп-ғұрып және салт дәстүрлер орталығында болып, ішкі безендіру жұмыстарымен танысты. Жаңадан салынып жатқан нысандарды аралап көрген аймақ басшысы бұл ғимараттар Шымкенттің еліміздегі үшінші қала мәртебесін айшықтайтын нысандар екендігін айта отырып, тиісті сала басшыларына құрылыс жұмыстарының уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң қадағалауды тапсырды.