Шымкент қаласының жолдары жөнделуде. Мамандардың айтуынша, қазір тозығы жеткен көше жолдары жөнделуде.
– Біз негізгі күшті А2 айналма тасжолына салудамыз (Қазығұрт тасжолы), себебі бұл жол дәл қазіргі сәтте әбден тозған. Ал Гагарин, Сайрам, Рысқұлов, Байтұрсынов және басқа да көшелер қалыпқа келтірілді. Қала көшелерін тендерді жеңіп алған екі мердігер жөндеуде. Олар: "Лидер МК" компаниясы (Әл Фараби, Абай жане Еңбекші аудандарындағы жолдарды жөндеу) және "Дормаркет" ЖШС (Қаратау ауд. жол жөндеу жұмыстары), – дейді Шымкенттің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жол секторының меңгерушісі Е.Есіркепов. – Жөнделген жол бөліктері толық жөндеуге дейін шыдайды. Мысалы, Түркістан көшесі бойын "Көл" аялдамасы маңында тұтас бір учаскені жөндедік, бірақ онда күн сайын жаңа шұңқырлар пайда болуда. Қазір біз осы учаскенің үстінен тағы бір рет асфальтпен жауып өтуді жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде жол қайта қалпына келтіруге дейін жарайды.