03.05.2017 в 16:43

Шымкент қаласы әкімінің кубогіне арналған 1 ашық республикалық турнир өтті

Шымкентте Қажымұқан атындағы орталық стадионда муай тайдан алғаш рет «Шымкент қаласы әкімінің кубогіне арналған» 1 ашық республикалық турнир өтті. Оған елімізден бөлек Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан спортшылары да қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша 12-13 жас аралығында 1-орынды А.Әбдірәсіл (+67 кг), С.Жолай (60 кг), 2-орынды А.Курбанов (67 кг), 3-орынды Қ.Төрехан (34 кг) иеленсе, 14-15 жас аралығындағы бәсекеде 1-орынға С.Елемесов (71 кг), М.Назаров (51 кг), 2-орынға Ж.Мурат (57 кг), З.Маккамбаев (48 кг), С.Тореқұлов (38 кг), 3-орынға Қ.Жасұлан (45 кг), Б.Жақсылық (42 кг), Ш.Қолдашев (48 кг) лайық деп табылды.