10.05.2017 в 16:24

Шымкенттік сарапшылар Елбасы мақаласындағы «Қазақстанның рухани жәдігерлері» жобасын талқылады

Қазақ жеріндегі тарихи жәдігерлер мен ұлы тұлғалардың өмірі өскелең ұрпаққа өнеге болуы керек. Сонда ғана өзгеге еліктегіш жастарымыздың бойына қазақи сана мен ұлттық рухты сіңіріп өсіруге болады. Бұл Шымкентте бас қосқан сарапшылардың ортақ пікірі. Алқалы жиында ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және белсенді жастар Елбасы мақаласында ұсынған «Қазақстанның рухани жәдігерлері» жобасын бірлесіп жүзеге асыру жолын талқылады. Елімізде «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» жасалады. Осыған байланысты арнайы комиссия да құрылған. Сарапшылар тарихи орындарды аралап қана қоймай, оның құндылығы мен ерекшелігін көбірек насихаттау керек, дейді.

Берік Әбдіғали, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі: - Ең бастысы өзіміздің рухани байлығымызды бүгінгі жаһандану заманында жастарымыз әсіресе әр түрлі әлемдік құндылықтарға кетіп бара жатыр. Сондықтан біз туған жердегі киелі рухани ексерткіштер мен тұлғалар арқылы тұтастығымызды, бірегейлігімізді, тарихи бірлігімізді қалыптастыруымыз керек.