25.05.2017 в 09:24

Шымкентте жолдарды жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласында биыл 19 көше орта дәрежеде жөндеуден өтеді. Ал 11 көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Елтай елдімекеніндегі көшелерге асфальт төселуде.

      Орта жөндеуден өтетін көшелер:

1. Қаратау ауданы Мәртөбе тұрғын алабындағы (т/а) Абай көшесі;

2. Сайрам т/а Ұйғын көшесі;

3. Чапаевка ш/а Мұстафа Өзтүрік (Берут) көшесі;

4. Жаңаталап т/а 600 орынды мектепке барар жол;

5. Тассай т/а атаусыз көше;

6. №2 Шолохов (Юпитер) көшесі;

7. Сәуле ш/а атаусыз көшені;

8. Қайтпас-1 ш/а Жамауов және Наурыз (жалғасы) көшелерін;

9. 194-орамдағы атаусыз көшені ("Адия" балабақшасына апарар жолды);

10. Сайрам ш/а Ұлықбек көшесін Әмір Темір көшесінен тұйықталған жерге дейін ;

11. Шапағат ш/а атауы жоқ көшені (Фазылбеков көшесінің Арғынбеков көшесіне дейінгі жалғасын);

12. Таскен ш/а Балқыбеков көшесін;

13. Мәртөбе т/а Коммунист көшесін;

14. Еңбекші ауданына қарасты Іляев көшесін;

15. Қаратау ауданына қарасты Алатау көшесін;

16. Тұрлан ш/а Абылай хан көшесін;

17. Тельман ш/а Теміртау көшесін;

18. Қазығұрт ш/а Бақшалы көшесін;

19. Қызылжар ш/а Сәбит Мұқанов көшесінің жалғасын орташа жөндеу.

      Жаяу жүргіншілер жолын салу:

1. Абай ауданы Жаңаталап т/а Айдарқұл көшесіне (мектепке апарар жолға);

2. №33 мектепке және балабақшаға апарар жолдың жанына;

3. Қарасу ш/а 8 наурыз көшесіне;

4. Қайнарбұлақ т/а атауы жоқ көшеге;

5. Таскен ш/а Бабашұлы көшесіне;

6. Қызылжар ш/а Құртаев көшесіне;

7. Самал-3 ш/а Ізгілік көшесіне;

8. Шаңырақ т/а Шымқорған көшесіне;

9. Тұрлан ш/а Сәтпаев және Есенов көшелеріне;

10. Тассай бөлімшесіндегі Сариеми көшесіне;

11. Құрсай т/а Бекболатов, Мәмешов көшелеріне жаяу жүргіншілер олын салу.